Бүгін – Еңбек күні

27 Қыркүйек 2020, 08:05
2555
Бөлісу:
Бүгін – Еңбек күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – 27 қыркүйекте Қазақстанда Еңбек күні тойланады. Осыдан 7 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қыркүйектің соңғы жексенбісін «Еңбек күні» деп бекіткені мәлім.

Еңбек күні Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасының 2013 жылғы 22 қазандағы №698 Жарлығымен қоғамдағы адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде белгіленді.

Сонымен қатар, «Еңбек ардагері» медалі бекітілді. Марапат еңбек қызметінде жоғары нәтижеге қол жеткізген өндіріс озаттарына, еңбек өтілі 40 жылдан асқан, бір салаға кемінде 10 жыл еңбек сіңірген жұмысшыларға беріледі.


Өзгелердің жаңалығы