Бүгін елордада жазғы лагерьлер жәрмеңкесі өтуде

5 Мамыр 2019, 11:30
2704
Бөлісу:
Бүгін елордада жазғы лагерьлер жәрмеңкесі өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы жанындағы Арбат ауданда өтеді, деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында. 

Қалалық білім басқармасының қолдауымен бүгін сағат 10:00 мен 19:00 аралығында ата-аналар мен балалар жазғы лагерьлер туралы ақпаратты ала алады.

«Жазғы маусымда оқушылардың белсенді демалысын, оларды сауықтыруды, бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру – елордадағы білім беру мекемелері қызметінің басымдықты бағыттарының бірі. Әр ата-ана өз баласы үшін талғамына сай жазғы лагерьді өз бетінше таңдап, бағдарламалармен, тұру және тамақтану, тасымалдау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайларымен таныса алады», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Жәрмеңкеге DISCOVERY, «Миротворец», «Балдәурен» БСЛ, «Сұңқар» БСО, «Звездный» БСО, ARMAN балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы, «Парус» БСО, «Самұрық» БСО, Nomads Camp халықаралық киіз үй лагері, «Жұлдыз» БСЛ, «Чайка» БСЛ, «Сокол» БСЛ, М. Ғабдуллин атындағы демалыс кешені, «Лесная сказка» ДОО, «Тұлпар» этникалық киіз үй лагері, «Батыр» шатырлы лагері сияқты Ақмола облысының балаларға арналған жетекші сауықтыру лагерьлері қатысады. 

Шара М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы жанындағы Арбат ауданда өтеді.



Өзгелердің жаңалығы