Бас жаңалықтар
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
04 Қазан 2021, 08:40 566

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді.

Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, түнгі уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады, республиканың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болады. 

Қазақстанның батыс жартысы антициклонның жотасының әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын болады, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстік-батысында тұманды болады.



Фото: дереккөз
Загрузка...