Бас жаңалықтар
Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
20 Қараша 2020, 07:00 1855

Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары 20 қараша күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.

Кәсіпорынның мәліметінше, жұма күні еліміздің алты қаласында - Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Семей, Талдықорған және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//