Бүгін 3 қалада ауа ластануы мүмкін

1 Мамыр 2022, 07:36
1493
Бөлісу:
Бүгін 3 қалада ауа ластануы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

2022 жылғы 1 мамырда Алматы, Балқаш және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы