Бүгін 3 қалада ауа ластанады

19 Желтоқсан 2020, 07:11
1375
Бөлісу:
Бүгін 3 қалада ауа ластанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 19 желтоқсан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.

Сенбі күні еліміздің үш қаласында - Атырау, Қызылорда және Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы