Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

6 Қараша 2020, 08:50
1321
Бөлісу:
Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 қараша, жұма күні республиканың екі қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 6 қараша күні Теміртау мен Шымкентте ауа ластанып, жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қазақстанның өзге қалаларындағы жағдай қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




Өзгелердің жаңалығы