Бұған мүлдем жол бермеуіміз керек. Президент әлеуметтік нысандарға көз тіккендер туралы айтты

16 Қараша 2021, 16:28
901
Бөлісу:
Бұған мүлдем жол бермеуіміз керек. Президент әлеуметтік нысандарға көз тіккендер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік-әлеуметтік нысандарға көз тіккендер туралы айтты.

Мемлекет басшысы елімізде балалардың бос уақытын пайдалы өткізуіне және қосымша білім алуына жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

Алайда мемлекеттік-әлеуметтік нысандарды жеке адамдар иеленіп жатыр. Әсіресе оқушылар сарайы мен музыка мектептеріне, балабақшаларға көз тігушілер көп. Сондай бір оқиға жуырда Алматыда болды. Бұған мүлдем жол бермеуіміз керек, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкіметке мемлекеттік-әлеуметтік нысандарды жекеменшікке беруге заң жүзінде шектеу қоюды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы