«БТА банктен ақша жымқырды» деген күдікті экстрадицияланды

29 Қаңтар 2019, 10:25
1897
Бөлісу:
«БТА банктен ақша жымқырды» деген күдікті экстрадицияланды

Астана, BAQ.KZ. Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстаннан Артур Трофимовты экстрадициялады. Бұл туралы бас прокуратура сайтында жарияланды.

Артур Трофимов 2005-2009 жылдарда «БТА Банк» АҚ-дан аса ірі мөлшерде ақша жымқыруға сыбайлас қатысқаны үшін және оны заңдастыруда (жылыстатуда), сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарды деген күдікке ілінген.

«Оны экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының өзбек әріптестерімен бірлесе отырып үйлесімді әрекет жасауының арқасында мүмкін болды», – делінген бас прокуратура сайтында жарияланған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы