Бас жаңалықтар
ҰБТ тапсыру кезіндегі басты міндет - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Мамин
02 Маусым 2020, 10:40 93

ҰБТ тапсыру кезіндегі басты міндет - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Мамин

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады,  бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% артық. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында айтты.

Асқар Мамин жиын барысында 20 маусымнан бастап түлекетер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыра бастайтынын айта келе, оны өткізуде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды.

Қалыптасып отырған жағдайды ескерсек Ұлттық бірыңғай тестілеу дәстүрлі режимде, бірақ сантиралық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Сондықтан ең басты міндет балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінгі күнге тестілеуге дайындық пен оны өткізу бойынша міндеттер нақты айқындалған. Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін 161-ге жуық орын, 1200-ден астам аудитория дайындалды, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол ҰБТ тапсыру шараларын өткізуде қауіпсідікті сақтау үшін министрліктерге бірқатар тапсырма жүктеді.

ҚР Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктері өңірлік әкімдіктермен бірлесіп тестілеуді өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. Сонымен қатар, ҰБТ тапсыру орындары алдында адамдардың көп жиналуына жол берілмесін. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қазіргі жағдайларда Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жөніндегі ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізсін, - деді премьер-министр.


Фото: дереккөз
Загрузка...