Броконьерлерді бас бостандығынан айыру жазасы 12 жылға ұзартылды

5 Қараша 2019, 18:23
4523
Бөлісу:
Броконьерлерді бас бостандығынан айыру жазасы 12 жылға ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда ақбөкендер мен бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымы үшін жаза күшейіп, абақты мерзімі едәуір ұзарады. Бұл туралы ҚР экология, геология  және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Ақбөкен дериваттары мен бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымын қалыптастырған браконьерлер туралы 339-баптың негізгі ережесі түпкілікті өзгерді. Жоғарыда айтқанымдай, санкциялар күшейтілді. Айыппұлдарды өсіріп, абақтыға қамау мерзімін ұлғайту көзделіп отыр. Қазақстанда ақбөкеннің дериваттары мен бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сатқан адамдар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұрын бұл қылмысты жасағандар 5 жылға дейін жазаланатын, - деді Нысанбаев.

Браконьерлікті белгілі бір топ өздері немесе өзге топпен келісім бойынша іске асырса және қылмыс ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалса, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, табиғатқа ірі көлемде зиян келтірсе, жауапкершілік күшейетін жаңа талаптар белгіленді.

Өзгелердің жаңалығы