Британияда ұшақ көлік жолына құлады

13 Мамыр 2019, 12:29
1798
Бөлісу:
Британияда ұшақ көлік жолына құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұшақ құлағаннан кейін өртеніп кетті. Бұл туралы news.sky.com басылымы жазды.

Уэльстегі көлік магистралінің бойында үш адамды тасымалдап бара жатқан жеңіл моторлы ұшақ құлады. 

Ұшақ құлағаннан кейін өртенген.

«Құлаған жеңіл моторлы ұшақтың ішіндегі үш адам да жеңіл жарақат алды», - делінген хабарламада.

Оқиға Абергавенни қаласына жақын жерде болған.

Көлік магистралінің ұшақ құлаған бөлігінде қозғалыс шектелді. Қазір оқыс жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
Өзгелердің жаңалығы