Британия Huawei-дің 5G жабдықтарын телефон желілерінен алып тастамақ

15 Шілде 2020, 17:20
1899
Бөлісу:
Британия Huawei-дің 5G жабдықтарын телефон желілерінен алып тастамақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Корольдіктің Цифрлық технологиялар, мәдениет, БАҚ және спорт министрі Оливер Дауден мәлімдеді, деп хабарлайды The Guardian.

Британия үкіметі 2027 жылға қарай Huawei компаниясының 5G жабдықтарын өздерінің телефон желілерінен алып тастауға шешім қабылдады. БАҚ-тағы мәліметі бойынша, Лондон бұл қадамға қытайлық телекоммуникация алыбы үшін британ байланыс нарығын жабуды талап етіп келген АҚШ-тың қысымымен барып отыр, деп жазды rg.ru.

Аталмыш шешім жайында премьер Борис Джонсон төрағалық еткен ұлттық қауіпсіздік кеңесі отырысында Корольдіктің Цифрлық технологиялар, мәдениет, БАҚ және спорт министрі Оливер Дауден мәлімдеді, деп хабарлайды The Guardian. 

Үкімет арнайы қызметтердің ұсыныстарын басшылыққа алды. Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан бастап британиялық операторлар Huawei компаниясын 5G жабдықтарын сатып ала алмайды. Министр жаңа буын желілерін өрістету 2-3 жылға созылуы мүмкін екенін және 2 миллиард фунт қосымша шығынды талап ететінін мойындады.

Өзгелердің жаңалығы