Бас жаңалықтар
Британ билігі карантиндік айыппұлдар көлемін көбейтті
20 Қыркүйек 2020, 12:51 119

Британ билігі карантиндік айыппұлдар көлемін көбейтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания билігі коронавирустық пандемияға байланысты шектеу шараларын бұзғаны үшін айыппұлдарды келесі аптада 10 мың фунтқа дейін (13 мың долларға дейін) көтеретіндігін мәлімдеді деп хабарлайды, Daily Telegraph басылымы.

Мұндай мөлшердегі айыппұлдар COVID-19 сынағын тапсырғанда оң нәтиже көрсеткен және екі апталық карантинді бірнеше рет бұзған азаматтар төлейді. Сондай-ақ коронавирустың таралуын бақылау үшін құрылған Test және trace бағдарламасы қызметкерлерінің ұсыныстарын елемейтін адамдарға да осындай айыппұл салынбақ.

Алғашқы айыппұл көлемі 1000 фунт стерлингті құрайды (шамамен 1,3 мың доллар). Одан кейін әрбір заң бұзушылыққа байланысты ол көбейіп отырады.

Сонымен қатар, британ билігі алты адамнан артық жиналғандарға қаржылық айыппұлды он есеге - 100 фунттан мыңға дейін арттыруды көздеп отыр.

Аталған газеттің жазуынша, үкімет осылайша пандемияның екінші толқынын қатаң карантиндік шектеулер енгізбестен тоқтатуға тырысып жатыр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...