Бас жаңалықтар
Break dance олимпиада ойындарының қатарына енуі мүмкін
28 Наурыз 2019, 20:38 488

Break dance олимпиада ойындарының қатарына енуі мүмкін

Алматы, BAQ.KZ. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) брейк дансты Жазғы олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу ұсынысын мақұлдады, делінген ұйымның ресми сайтында.

Сондай-ақ, ұсынылған ойын түрлерінің қатарында: құзға өрмелеу, скейтборд және серфинг бар. Халықаралық Олимпиада комитетінің ( ХОК президенті Томас Бахтың ойынша, жаңа спорт түрлерін қосу Олимпиада ойындарын жастар аудиториясы үшін тартымды әрі қызықты ете түседі.

Брейк-данс пен өзге де спорт түрлерін Олимпиада бағдарламасына қосу үшін ХОК  атқарушы комитетінің шешімі қажет. Бастапқыда бұл ойын түрлері уақытша қосылады. Соңғы шешім ХОК комитетінің  2020 жылдың маусымындағы жиынында белгілі болады.

2018 жылы Аргентинада өткен Балалардың олимпиадалық ойындары бағдарламасына брейк данс енгізілген. Оған ұлдар да, қызлар да қатысқан, сонымен қатар аралас командалар да өнер көрсеткен.

Загрузка...