Бразилиялық бақылаушылар сайлауға алғаш рет қатысады

7 Маусым 2019, 12:46
1688
Бөлісу:
Бразилиялық бақылаушылар сайлауға алғаш рет қатысады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы сайлау процесіне Бразилия елінің өкілдері алғаш рет бақылаушы болып қатыспақ. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында Бразилия ұлттық конгресінің сенаторы Франциско Де Ассис Родригес айтып берді. 


Қазақстанға Латын Америкасынан үш делегат енді ғана келді. Сондықтан олар әлі президенттікке үміткер кандидаттармен танысып үлгермеген. 

"Сайлауды ұйымдастыру жұмыстары өте жақсы жүргізілген. Біз Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен кездестік. Біздің делегация Қазақстанға шақырту арқылы келді. Меніңше, біздің бақылаушы ретіндегі жұмысымыз оң бағаланады деп ойлаймын. Енді, 9 маусымдағы сайлауды күтеміз", - деді Франциско Дасис Родригес.  

Ол тілшілердің қойған сауалына жауап беру кезінде Бразилия делегациясы 4 сайлау учаскесінде жұмыс істейтінін айтты. Нақтырақ айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданындағы сайлау учаскелеріне жауапты. 

"Қазақстандағы сайлауға алғаш рет қатысып тұрсақ та, біздің тәжірибеміз бар. Бұған дейін АҚШ пен Венесуэладағы президент сайлауында жұмыс істегенбіз. Біздің делегат Нұр-Сұлтан қаласында 4 сайлау учаскесінде қызмет етеді", - деді бразилиялық бақылаушы. 

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы  жалпы саны 1013 шетелдік бақылаушыны тіркеген.

 

Өзгелердің жаңалығы