Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 57 адамға жетті

27 Қаңтар 2020, 15:18
1398
Бөлісу:
Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 57 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияның оңтүстігіндегі су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың саны 57-ге жетті. Бұл туралы Минас-Жерайс штатының азаматтық қорғаныс басқармасы хабарлады.

Зардап шеккендердің көбі осы штаттың тұрғындары – 48 адам екен. 

Қайтыс болғандардың көбі – 8 адам Белу-Оризонти штатының астанасында тіркелді, – делінген хабарламада.

Билік өкілдері 19 адам із-түзсіз жоғалды деп мәлімдеді.

Белу-Оризонтиде 24 қаңтар күні 110 жылдағы рекорд жаңарды – жаңбыр 171,8 миллиметрге жетті. Минас-Жерайс штатының 99 қаласында жаңбырға байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Алегри қаласының мэриясы су мөлшерінің көптігі салдарынан қоршаулардың бұзылуы мүмкін екенін хабарлап, қауіпті территориялардан шығуды сұрады. Аймақта 20 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Өзгелердің жаңалығы