Бас жаңалықтар
Бразилияда коронавирус жұқтырғандардың саны артты
15 Сәуiр 2021, 06:32 279

Бразилияда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда коронавирус індетін жұқтырғандардың қатары күн өткен сайын артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, соңғы кездері тіркелген жаңа науқастардың арасында жастар көп. Жансақтау бөлімдерінде көбінесе 40 жасқа дейінгі тұрғындардың қарасы қалың. Олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға артық. Сарапшылар бұл жағдайды коронавирустың мутацияға ұшырауымен байланыстырады. Оның үстіне жас буын өкілдерінің санитарлық талаптарға немқұрайлы қарауы да себеп дейді мамандар.

Індеттің бірінші толқыны өршіп тұрғанда көбінесе егде жастағы тұрғындар жиі ауыратын. Қазір жағдай өзгерді. Вирустың әсері күшейгендей. Аяқ қолы балғадай жастар жиі індетті жұқтырып жатыр. Көбі ауру асқынған кезде ғана дәрігерлердің көмегіне жүгіне бастайды, – дейді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Жан Горинчтейн.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//