Бас жаңалықтар
Бразилияда карнавал кезінде атыс болды
17 Ақпан 2020, 15:29 22141

Бразилияда карнавал кезінде атыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сан-Паулу қаласында бір топ адам тонау мақсатында полицейге оқ атқан. 

Бұл туралы G1 порталы жазды. 

Бразилияда карнавал кезінде атыс салдарынан 5 адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы хабарлады. 

Алдын ала деректер бойынша жарақат алған адамдар ауруханада жатыр. Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. 

Куәгерлердің айтуынша, шабуыл жасаған адамдар полицейдің қаруын алғысы келген. Оған жауап ретінде полицей оқ атып, бес адамды жарақаттаған. Оның ішінде күдіктіге де оқ тиген. 

Өткен демалыс күндері Бразилияда 21-25 ақпанда өтетін карнавалға арналған жаппай қыдыру басталып кетті. Сан-Паулуда мереке күндері және оған дейін 32 аудандағы 678 көшеді карнавал өтеді. 

Билік өкілдерінің хабарлауынша, оған 15 млн адамға дейін қатысады.


Фото: дереккөз
Загрузка...