Бразилияда бөгет жарылып, ондаған адам қаза тапты

26 Қаңтар 2019, 15:46
2058
Бөлісу:
Бразилияда бөгет жарылып, ондаған адам қаза тапты

Астана, BAQ.KZ. Бразилиядағы Белу-Оризонти ауданындағы сел тасқынынан кейін бөгет жарылып, құтқарушылар апат салдарынан қаза тапқан кемінде жеті адамның денесін тауып алды. Бұл туралы SkyNews телеарнасы хабарлайды.

Апат аймағында 200 астам адам із-түссіз жоғалды. Оның жүзі жақын жердегі темір жол шахтасында жұмыс істейтіндер . Сел кәсіпорын аумағына түскі ас уақытында келіп жеткен.  

Бразилия президенті апат аумағына үш министрін жіберді. Сенбі күні өзі де зардап шеккен ауданға барады.

2015 жылы дәл осы жерде бөгет жарылып, 19 адам қаза тапқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы