Бразилияда алапат су тасқыны мен лай көшкінінен 24 адам қаза тапты

13 Қаңтар 2022, 11:32
1390
Бөлісу:
Бразилияда алапат су тасқыны мен лай көшкінінен 24 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда алапат су тасқыны мен лай көшкінінен 24 адам опат болды, деп жазды Хабар24. 

17 мыңға жуық тұрғын баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды. Қазір жергілікті билік елдің 124 муниципалитетінде төтенше жағдай режимін жариялады. Мамандардың айтуынша, Минас-Жерайс штатында 10 күннің ішінде 400 миллиметр жауын түскен. 

Ұлттық тау-кен өндіру агенттігі тасқыннан елдегі 42 бөгетке қауіп төніп тұрғанын айтады. Мамандардың хабарлауынша 3 су бөгеті кез келген уақытта жарылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы