Бас жаңалықтар
Бразилиядағы дамбы жарылуынан қаза тапқандардың саны 140-тан асты
06 Ақпан 2019, 09:39 791

Бразилиядағы дамбы жарылуынан қаза тапқандардың саны 140-тан асты

Астана, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға салдарынан 194 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер қатарына жатқызылды. Құтқару жұмыстары бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлады. 

Бразилиядағы Vale тау-кен өндіруші компанияға тиесілі су бөгетінің жарылуы салдарынан қайтыс болғандар саны 142 жетті.

Қазіргі уақытта 122 адамның мәйіті танылды. Тағы 194 адам ұшты-күйлі жоғалғандар есебінде. 

Бүгін Брумадинью муниципалитеті ауданында орын алған оқыс оқиға салдарынан жоғалып кеткендерді құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанына 13 күн болады. Құтқару жұмыстары тағы бірнеше аптаға созылады деп белгіленіп отыр.

Еске сала кетсек, 25 қаңтарда Минас-Жерайс штатында су бөгеті жарылып, лай көшкін әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерді басып қалды.
Загрузка...

Сізден жаңалық