Браконьерлерден пара алған инспекция қызметкерлеріне қатысты тергеу жалғасуда

22 Қаңтар 2020, 20:45
1485
Бөлісу:
Браконьерлерден пара алған инспекция қызметкерлеріне қатысты тергеу жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының Бұқтырма бөлімінің басшысы мен бірқатар қызметкерлері парақорлыққа қатысты күдікті деп танылды, деп хабарлады облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.  

ҚР экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Бұқтырма бөліміндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері тиылды. Жалпы қамқорлық пен тыйым салынған әдістермен (синтетикалық моножіп), сондай-ақ уылдырық шашу кезінде Бұқтырма су қоймасының резервтік (тыйым салынған) учаскелерінде балықты заңсыз аулауға тыйым салу шараларын қабылдамағаны үшін браконьерлерден жүйелі түрде 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алғаны үшін күдікті болып танылған аталған бөлімнің басшысы мен бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейнгі тергеу басталды, - делінген ақпаратта. 
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы шешімді сот шығарады.
Өзгелердің жаңалығы