Бас жаңалықтар
Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
17 Сәуiр 2021, 04:23 273

Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңсыз айналымнан 14,6 тонна балық алынды, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

2021 жылғы 30 наурызда Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау, сондай-ақ олардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Орал-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2021» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойылды.

Акция басталғаннан бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 360 дерегін анықтап, жолын кесті, соның нәтижесінде 210 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар 33 материал сот органдарына жолданды, браконьерлік және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерімен заңсыз айналысу фактілері бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 3,4 млн теңге айыппұл салынды.

Заңсыз айналымнан 14,6 тонна балық алынды, оның ішінде 551,5 кг бекіре тұқымдас балық түрлері, 152 бірлік аулау құралдары, 11 бірлік автомобиль және 28 бірлік су көлігі.

Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті тексеру нәтижесінде су қоймаларынан жалпы ұзындығы 40 км-ге жуық 438 бірлік заңсыз балық аулау құралдары алынды.

Акция 2021 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.



Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/271874-brakonerlik-faktiler-boyynsha-20-qylmystyq-is-qozghaldy
© egemen.kz


Фото: дереккөз
Загрузка...