БҚО-дағы бақылау бекеттерінде 7 аңшы қаруы тәркіленді

9 Қаңтар 2022, 19:15
3079
Бөлісу:
БҚО-дағы бақылау бекеттерінде 7 аңшы қаруы тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша тек соңғы тәулікте блок бекеттерден 7 аңшы мылтығы тәркіленген, деп хабарлады «Хабар 24».

 Сонымен бірге көлік рөліне мас күйінде отырған 5 жүргізуші ұсталды. Құқық бұзушылық дерегі бойынша 575 адам полиция бөліміне жеткізіліп, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 37-сі қамауға алынды. 

Төтенше жағдай режимін бұзу және заңсыз митингіге шақыру бойынша өңірдің 10 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамауға алынды. 

Айта кету керек, аймақта 5 блок бекет қойылған, олардың екеуі облыс орталығының аумағында. Күштік құрылымдар күшейтілген режимнің айрықша түрі бойынша жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай режимінің бұзылмауын жаяу және автопатрульдер қадағалайды.

Өзгелердің жаңалығы