Бас жаңалықтар
Бойжеткенді тонап кеткен түркістандық қолға түсті
20 Қыркүйек 2021, 14:14 281

Бойжеткенді тонап кеткен түркістандық қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласының полицейлері бойжеткеннің ақшасы мен алтын бұйымдарын күштеп алып, тонап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.


Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын бойжеткен арызданып келді. Жәбірленуші азаматшаның айтуынша, өзін белгісіз біреулер көше бойында себепсіз тоқтатып ақша сұраған. Содан күдіктілер бойжеткенді ұрып-соғып қалтасындағы ұялы телефоны мен 20 мың теңге ақшасын, сондай-ақ қолындағы алтын жүзігін күштеп тартып алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 220 мың теңге.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Түркістан ҚПБ-ның полицейлері ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада жетті. Сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алды. Осындай нәтижелі жұмыстың арқасында, күдікті тәулік ішінде ұсталды. Ол орта жастағы азаматша жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінде айғақты зат ретінде ұялы телефон мен алтын жүзік заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда күдікті азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарына мұқият болуға және өз мүлкін бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмауға шақырады. Кез келген құқық бұзушылық орын алғанда, бірден полицейлерге хабар беріңіздер.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...