Ботаникалық саябақта 150 түп ағаш отырғызылды
16 Қазан 2021, 13:14 440

Ботаникалық саябақта 150 түп ағаш отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ағаш отырғызу акциясы өтті. Акцияға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері қатысты.

Ботаникалық саябақта барлығы 150 дана ағаш отырғызылды. Ағаштардың қатарында қарағай, қайың, құсшие және алма ағашы бар.

Бұл акция Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 млрд ағаш отырғызу туралы тапсырмасы аясында өткізілді.

Министрлік 5 жыл ішінде Қазақстандағы орман алқабтарында 2 млрд ағаш отырғызады. Бұл шара барлық қалада жүзеге асады.

Айта кетейік, елде 30 млн га орман алқабы бар. Орман алқабының үлкен бөлігі Қызылорда, Жамбыл олыстарына тиесілі.


Фото: дереккөз
Загрузка...