Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қалай онлайн қатысуға болады?

4 Желтоқсан 2020, 19:52
1505
Бөлісу:
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қалай онлайн қатысуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыспен қамту орталығы тұрақты негізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізуде. Биыл пандемияға байланысты шара онлайн өтуде. Жұмыс тапқысы келетіндер әлеуметтік желіден арнайы тікелей эфирлерді көре алады. 

Трансляция кезінде жұмыс берушілер негізгі еңбек жағдайлары мен бос жұмыс орындары туралы айтады.

Орташа алғанда, бір шағын сұхбат шамамен 10-15 минутты құрайды. Бұл кезде компания өкілдері негізгі жұмыс жағдайларын түсіндіреді. Тікелей эфирді көретіндер және жұмыс орнына қызығушылық танытқандар дереу компанияның байланыс ақпаратын жазып алуына, пікір қалдыруына болады. Немесе жұмыспен қамту орталығына хабарласса, олар қажетті деректерді табуға көмектеседі, - деп түсіндірді жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Бақыт Рақышева.

Айта кетейік, құрылыс, сауда, тамақ және денсаулық сақтау салаларының мамандары бүгінде еңбек нарығында ең көп сұраныста. Сұранысқа ие мамандықтар қатарында жұмысшылар, монтажшылар, бригадирлер, кірпіш қалаушылар, арматуршылар, кассирлер, сатушылар, санитарлар да бар.

Тұрғындар өз қалауына байланысты жұмыс таба алады. Көбіне басқа формат ұсынылады, оның ішінде жартылай жұмыс күні де бар, - деп түсіндірді Жұмыспен қамту орталығы.

Онлайн жәрмеңкелер әр екі апта сайын бейсенбі күні сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту орталығының ресми Instagram парақшасында  өтеді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің толық нұсқасын IGTV-де көруге болады.

Бос жұмыс орындары туралы ақпарат www.enbek.kz порталында жарияланады. Қосымша ақпаратты 7(7172)57 89 37, 57-88-89, 24-83-02, 8 777 116 82 73 телефондары арқылы алуға болады.

Жұмыспен қамту орталығының мекенжайы Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» іскерлік орталығы.

Өзгелердің жаңалығы