Ертең ЕҰУ-де жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

28 Наурыз 2019, 11:29
1862
Бөлісу:
Ертең ЕҰУ-де жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы 30-дан астам жұмыс беруші өз кәсіпорындарында бар бос жұмыс орындарын ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 29 наурызда «Астана жастары» ресурстық орталығы Жастар жылын өткізу аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Қ. Сәтбаев көшесі, 2) бос жұмыс орындар жәрмеңкесін  ұйымдастырады.  

Жәрмеңкеге қаладағы 30-дан астам жұмыс беруші қатысады деп күтілуде. 

«Бұл – елорда жастары үшін өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындарын зерттеп, бірнеше жұмыс берушімен бір жерде тікелей сұхбаттаса алудың керемет мүмкіндігі. Осы тектес іс-шараларға келу, тәжірибесі бар жұмыс іздеушілерге де, қандай да бір себептерге байланысты өз жұмысында жетістікке жете алмай, өз орнын іздеп жүргендерге, сондай-ақ түлектер мен студенттерге де өте пайдалы. Біреулер үшін өздері қалаған саладағы бос орындарды зерттеудің, басқалары үшін еңбек нарығын іс жүзінде зерттеудің, анағұрлым қызықты қызмет аясын және қызметкер ретіндегі өз бағасын анықтаудың зор мүмкіндігі», – делінген ресурстық орталықтың баспасөз хабарламасында. 

Шара ЖОО, МОО түлектері және елорда жастары арасында жұмыссыздықты азайту мақсатында өткізілгелі отыр.


Өзгелердің жаңалығы