Бортсеріктер ПТР тестті қаншалықты жиі тапсырады?

27 Қазан 2020, 17:31
1817
Бөлісу:
Бортсеріктер ПТР тестті қаншалықты жиі тапсырады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов әуе экипажының ПТР тест тапсыруына қатысты сауалға жауап берді.

Бүгінде Үкімет қабылдаған қаулыға сәйкес, экипаж мүшелері ПТР тесттен босатылған. Себебі ол әр рейсті қабылдап алар кезде байланыссыз термометриядан өтеді. Егер температурасы көтерілгені байқалса, ПТР анализ жасату үшін рейстен босатылады. Бұған дейін айтып өткенімдей, қазан айында тіркелген 39 сырттан келген жағдаймен байланыста болған 44 бортсеріктің ешбірінен коронавирус анықталған жоқ, - деді ол.

Ол бұған дейін елімізде қазан айында 39 сырттан келген жағдайы тіркелгенін айтқан болатын. Жалпы, 6 қазаннан бастап ПТР анықтамаларға қатысты рұқсат беру шаралары енгізілгелі бері елімізге халықаралық әуе рейстері арқылы 44 834 жолаушы келген.

Айта кету керек, 27 қазаннан бастап халықаралық рейстер арқылы Қазақстанға келетіндердің ПТР тест анықтамасы болуы шарт. Шектеу шараларын орындамаған әуе компанияларына қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Өзгелердің жаңалығы