Бас жаңалықтар
ҚР ҰПК президенті Қайрат Боранбаев Азия орденімен марапатталды
05 Ақпан 2019, 16:30 838

ҚР ҰПК президенті Қайрат Боранбаев Азия орденімен марапатталды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Дубай қаласында (БАӘ) Азия паралимпиадалық комитеттің конференциясы өтті.

ҚР ҰПК аталған комитеттің мүшелігінде бар. Халықаралық ұйымның салтанатты шарасында ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің төрағасы Қайрат Боранбаевқа Азия ордені табысталды.

Бұл марапат ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің Азия аймағындағы паралимпиадалық қозғалысқа елеулі үлес қосқанын және ҰПК қызметкерлерінің ерен еңбегінің нәтижесі деп бағаланды.

Дубайда өткен шараға 42 елдің ұлттық паралимпиада комитеттерінің, сонымен қатар 10 халықаралық спорт ұйымдары мен федерацияларының басшылары қатысты.


Айта кету керек, 2018 жылдың 4 шілдесінде Астанадағы Паралимпиадалық жаттығу орталығының салтанатты ашылуында Азия паралимпиадалық комитетінің президенті Маджид Рашед осы ұйымның атынан елдегі паралимпиадалық қозғалысқа үлкен үлес қосқаны үшін, әлеуметтік қорғау арқылы ерекше күтімді қажет ететін адамдарға үнемі қолдау көрсеткені және барлық азаматқа тең мүмкіндіктерді қамтамасыз еткені үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрмет Орденін табыстады.

Рахиля Бекназарқызы

Сізден жаңалық