Болат Сұлтанов: Президентті қолдау – әрбір казақстандықтың міндеті

9 Қаңтар 2022, 10:36
1765
Бөлісу:
Болат Сұлтанов: Президентті қолдау – әрбір казақстандықтың міндеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүлікшілер елімізде коронавирус өршіп тұрған сәттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды пайдаланып кетті.

Мұндай пікірді тарих ғылымдарының докторы, Қазақ-Неміс университетінің Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық институтының директоры Болат Сұлтанов айтты. 

Қазір Қазақстандағы жағдай ушығып тұр, дегенмен, Мемлекет басшысының бақылауында. Қазіргі жағдайды тұрақтандыру кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау - әрбір казақстандықтың міндеті.  Коронавирус өршіп тұрған сәттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды пайдаланып кеткен қылмыскерлер бар, - деді ол.

Сонымен қатар ол тарихқа тереңінен үңіліп, Бауыржан Момышұлын еске алды.  

Дәл қазіргі жағдайда халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын еске аламын. Соғыс кезінде оның солдаттарының бірі соғысқа қатыспас үшін қолын атқан. Сол кезде Бауыржан Момышұлы оны атып тастауға бұйрық берген. Сонда одан қазақ бола тұра неге қазақты атуға бұйрық бергенін сұрағанда, ол әкесінің өмірінен бір оқиғаны айтып берді. Әкесі Момышты соғыс кезінде жазық далада қарақұрт тістеп алғанын айтты. Ал әкесі өліп кетпес үшін денесінің қарақұрт зақымдаған бөлігін кесіп тастаған. Осылайша ол өзін құтқарған. Сондықтан қазіргі жағдайда тәуелсіз мемлекетімізді, тыныштығымызды сақтап қалуымыз керек, - деді тарихшы. 

Өзгелердің жаңалығы