Болат Өтемұратов қоры Қосшы қаласында жаңа мектеп салады

11 Мамыр 2022, 14:15
2946
Бөлісу:
Болат Өтемұратов қоры Қосшы қаласында жаңа мектеп салады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Ақмола облысының Қосшы қаласында бір жарым мың оқушыға арналған жаңа мектеп ашылады. Құны шамамен 7,5 миллиард теңгені құрайтын жобаны Болат Өтемұратов Қоры қаржыландырады. 

Жаңа мектеп оқу сыныптарымен қоса рекреациялық аймақтармен, заманауи оқу-өндірістік шеберханалармен, спорттық және гимнастикалық залдармен, ақпарат орталығымен, зертханамен, шығармашылық студиямен және коворкинг кеңістігімен жабдықталады. Үш қабатты мектептің жалпы ауданы шамамен 16 мың шаршы метрді құрайды. Баскетбол-волейбол алаңшасы, мини-футбол алаңы мен жарыс жолдары бар, жоғарғы және бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға арналған ойын алаңшалары бар стадион қарастырылған. Ойын және спорт аймақтары полимерлі үгінді негізінде жұмсақ резеңкелі жабынымен жобаланған. Мектеп айналасында көпжылдық шөп гүлзары, жергілікті ағаштар мен бұталар түрлері отырғызылған әлі. Кіреберіс аймағы пандустармен, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған тактильдік жолдармен жабдықталатын болады.

Болат Өтемұратов қоры Қосшы қаласында жаңа мектеп салады

Қосшы қаласында 65 мыңға жуық адам тұрады. Туу деңгейінің өсуі және одан әрі урбандалу жағдайында оқу орындарына деген қажеттілік артып отыр - 2021 жылдың қыркүйегінде қала мектептерінің бірінде бірінші сынып оқушыларының саны шамамен 700 адамды құрады, бірінші сыныптардың параллелін белгілеу үшін «Ы» әрпіне дейін әліпбидің дерлік барлық әріптерін пайдаланылуға мәжбүр болды.

Менің мектеп жасындағы екі балам бар. Мың екі жүз оқушыға арналған мектебімізде бес мың де үш ауысымда оқиды. Мұндай жағдайда мұғалімдер әр балаға тиісті көңіл бөле алмайтыны анық. Қаламыз үшін жаңа мектеп құрылысының маңызы зор, - деп бөлісті Қосшы қаласының тұрғыны Наталья Поспелова.

Болат Өтемұратов қоры Қосшы қаласында жаңа мектеп салады

Қаламызда бар болғаны үш мектеп бар, оның екеуі мемлекеттік, олар лық толған. Қосшы қаласында жаңа мектептің құрылысына қолдау көрсеткен Болат Өтемұратов Қорына алғысымыз шексіз. Мен жаңа мектептің жобасын көрдім – ол ең үздік әлемдік стандарттарға сай болады. Мектепте арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған оқу-өндірістік кеңістіктері қарастырылғандықтан, балалар жайлы, жақсы ойластырылған бөлмелерде білім алып, сабақ арасында демалуға ғана емес, сонымен қатар практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады, - деді Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов. 

Болат Өтемұратов қоры Қосшы қаласында жаңа мектеп салады

Жаңа мектепте заманауи инфрақұрылыммен қатар, танымал, инновациялық қосымша білім беру бағдарламалары енгізіледі, бұл да Болат Өтемұратов Қоры қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Өткен жылы Қор мектептегі білім беру саласында «Жасыл мектеп» және Jas Leader Akademiiasy жобаларын іске қосты. Бірінші жоба бойынша мектепте жыл бойы жұмыс істейтін жылыжай орнатылады, балалар көкөністерді, жидектер мен шөптерді өсіру бойынша практикалық дағдылар мен білім алады. Ал Жас лидер академиясы аясында жасөспірімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, көшбасшылық дағдылары мен коммуникативтік құзыретін дамыта алады.

Өзгелердің жаңалығы