Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 наурыздағы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуінен кейін Covid-19 вирусымен күресу үшін кәсіпкерлер қорға ақша аударып жатыр. Олардың арасында Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоры да бар.
Елбасының үндеуі қоғамның барлық өкіліне әсер етті. Біз барлық күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізді Елбасының халыққа жолдауында көрсеткен әрбір тармағына қол жеткізу үшін жұмсаймыз, - деді аталған қордың жетекшісі Қасым Қасабеков.
"Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры 2016 жылдың сәуір айында құрылған. Қордың негізгі бағыты – "Берекелі үй" деген атаумен жетім балаларды және тұрмысы нашар отбасыдан шыққан балаларды тұрғын үймен (пансионатпен) қамтамасыз ету, сонымен қатар көп балалы отбасыларды азық-түлік, қажетті заттармен қамтамасыз ету, емдеу және білім беру бағдарламаларымен айналысады. Орталық 50 орынға есептелген.