Болат Бақауовтың ісі бақылауымызда – Бас прокуратура

22 Қаңтар 2020, 15:15
1405
Бөлісу:
Болат Бақауовтың ісі бақылауымызда – Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов қамауға алынған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа қатысты түсінік берді. 

Прокуратураның өкілеттігі конституция аясында көрсетілген. Сондықтан барлығы да заңмен реттелген. Сотта прокурор өзінің қорытындысын жариялады. Сол қорытындыға сәйкес терегу соты ол күдіктіні екі ай қамау мерзіміне алды. Тергеу жұмыстарын бақылап отырмыз, - деді Марат Ахметжанов.
Айта кетейік, Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты Болат Бақауовты екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарған болатын. Прокурор Бақауовтың ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы "Өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша күдікке ілінгенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы