«Bolashaq» қауымдастығы #BolashaqWomen челленджін бастайды

4 Наурыз 2021, 17:00
1562
Бөлісу:
«Bolashaq» қауымдастығы #BolashaqWomen челленджін бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Лаура Демесінова «Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» атты әйелдердің онлайн форумында айтты.

Қазақстандық табысты әйелдердің бейнесін жинау үшін челлендж бастауды жөн көрдік. Олар ешбір шектеусіз өздері ұмтылған тұлға ретінде қалыптасуын көрсету арқылы өзгелерге үлгі бола алады. Мен болашақтық еркектердің қолдауын әркез сеземін. Олар осы жобаны қолдау бойынша да белсенді болды, - деді Демесінова. 

Ол атағандай, челленджге қатысу үшін әлеуметтік желілерде жазбасымен бөлісуі керек. 

Мен #BolashaqWomen челленджін қабылдаймын! Челлендждің мақсаты - қыздарға өзін-өзі дамытуға еш кедергі жоқ екенін еске салу. Әрбір әйел өзіне ұнайтын саланың көшбасшысы бола отырып, бақытты бола алады. Бүгінгі таңда әйелдер нағыз көшбасшының қасиеттерін көрсете отырып, ерлермен қатар экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейді, - деді ол. 

Демесінова айтқандай, қазақстандық әйелдердің барлығы әдемі, білімді. 

Осының барлығын желіге жариялап, әдемі, ақылды қыздардың бейнесін насихаттайық. Декреттік демалыста отырғандар мен үйлерінің атмосферасын да көрсетуге болады. Бұл да олардың еңбегі. Өзіміз қалаған қоғамды бірге құрайық, - деді ол. 

Челленджге қатысу үшін:

-жұмыс барысындағы фотосуретті (немесе бейнероликті) жариялаңыз (жұмыс орнында, іс-шарада, қандай да бір іс-әрекетте және т. б.);

-өзіңіздің сүйікті ісіңіз туралы баяндаңыз;

- челленджге қосылғанын қалайтын достарыңызды белгілеңіз;

-#BolashaqWomen #KazWomen #womenempowerment #wekz хэштегтерін қолданыңыз.

Өзгелердің жаңалығы