Бокстан Қазақстан командасы Ресейде бірлескен жаттығу жиынын өткізіп жатыр

18 Наурыз 2021, 02:26
1727
Бөлісу:
Бокстан Қазақстан командасы Ресейде бірлескен жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшылар Ресейдің Кисловодск қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде, деп хабарлайды Olympic.kz. 

17-31 наурыз аралығында Қазақстан командасы Ресей және Өзбекстан құрамаларымен бірлескен жаттығу жиынына қатысады.
 
Жиынға төмендегі боксшылар шақырту алған:  Оразбек Асылқұлов, Ермахан Жакпеков, Айбек және Нұрбек Оралбай, Василий Левит, Әбілхан Аманқұл, Асланбек Шымбергенов, Ертуған Зейнулинов, Абылайхан Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Нұрлан Сапарбай, Қамшыбек Қоңқабаев, Махмұд Сабырхан, Зәкір Сафиуллин, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов.

Команданың бас бапкері – Ғалымбек Кенжебаев.


Өзгелердің жаңалығы