Бокстан ел чемпионатының құрамалары іріктелді

22 Қараша 2020, 11:35
1985
Бөлісу:
Бокстан ел чемпионатының құрамалары іріктелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласынан бокстан Қазақстан чемпионатына 15 боксшы қатысады, деп хабарлады Olympic.kz. 

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының жолдама иегері Василий Левит, Спартакиада чемпиондары ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай, Тимур Нұрсейітов, жастар арасындағы Азия чемпионы Тоғамбай Сағындық Нұр-Сұлтан сапынан шаршы алаңға шығады. 

Ел біріншілігіне қатысатын Нұр-Сұлтан командасы:  49 келі: Асхат Жүсіпов 52 келі: Азат Махамбетов, Еламан Бүтінбаев 57 келі: Ілияс Сүлейменов, Нұрсұлтан Исахан 60 келі: Назарбек Еркіндік, Өтеміс Ермұхан 63 келі: Тезек Темірхан 75 келі: Тимур Нұрсейітов 81 келі: Нұрбек Оралбай, Аят Маржықпаев  91 келі: Василий Левит, Айбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай, Нұрболат Сермаханов.

Өзгелердің жаңалығы