Бас жаңалықтар
Бокстан әйелдер арасында Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды
08 Сәуiр 2019, 09:45 555

Бокстан әйелдер арасында Азия чемпионатына қатысатын құрам анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16-26 сәуір аралығында Тайланд астанасы Бангкокте бокстан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық додасы тұңғыш рет ерлер мен әйелдер арасында бір уақытта ұйымдастырылмақшы. Бокстан әйелдер командасының бас бапкері Вадим Присяжнюк Азия біріншілігіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Бұл туралы Olympic.kz. мәлімдеді.  

Бангкок шаршы алаңында төмендегі бұрымды боксшыларға сенім артамыз: 

48 келі: Алуа Балқыбекова

51 келі: Назым Қызайбай

54 келі: Дина Жоламан

57 келі: Сәния Сұлтанқызы

60 келі: Римма Волосенко

64 келі: Милана Сафронова

69 келі: Дариға Шәкімова

75 келі: Ақерке Бақытжан

81 келі: Фариза Шолтай

+81 келі: Ләззат Күнгейбаева

«Құрлық додасынан бір алтын, бір күміс және бір қола жеңіп алсақ деген мақсатымыз бар. Негізгі қарсыластарымыз – Қытай мен Солтүстік Корея. Қытайдың соңғы әлем чемпионатында төрт алтын иеленгенін білесіздер. Шаршы алаң иесі саналатын Тайланд қыздарын да есептен шығаруға болмайды. Десе де, біз медаль үшін барымызды саламыз», - дейді бас бапкер. 


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық