Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетаудан пәтер сыйлады

13 Қараша 2021, 09:29
838
Бөлісу:
Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетаудан пәтер сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке Көкшетауда пәтер кілті және ақшалай сертификат тапсырылды. 

Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде облыста спорт дәстүрі мықты екенін және спорт қозғалысын дамыту үшін көп нәрсе жасалып жатқанын атап өтті.

Біз, ақмолалықтар Теміртастың жеңісін мақтан тұтамыз! Бұл - ерекше жеңіс. Бұл ерлер арасындағы әлем чемпионатында Ақмола облысының алғашқы алтын медалі.Теміртас тәжірибелі спортшы. Осы жоғары марапатқа жету жолында ол әскери қызметкерлер арасында екі рет әлем чемпионатын жеңіп алды. Бұл жеңістердің лайықты нәтижесі әлем чемпионатының алтын медалі болды, - деді Ермек Маржықпаев.

Теміртас Жүсіповтің әлем чемпионы медалі Тәуелсіздіктің 30 жылдығында тек ақмолалықтар үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін ерекше сый болды.

Аймақ басшысы жеңімпазға пәтер кілтін және ақшалай сертификатты табыс етсе, ал оның жеке жаттықтырушысы Қуанышбай Қоқышевтің ерекше еңбегі мен жоғары кәсібилігін атап өтті. Сондай-ақ оған да ақшалай сертификат тапсырылды.

Еске сала кетсек, Белградта (Сербия) өткен XXI әлем чемпионатында ақмолалық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Шешуші жекпе-жекте ол Тайланд өкілі Вуттичай Юрачайды жеңді.

Өзгелердің жаңалығы