Бокстан ӘЧ: Нұрбек Оралбай 1/8 айналымнан сенімді өтті
02 Қараша 2021, 09:36 125

Бокстан ӘЧ: Нұрбек Оралбай 1/8 айналымнан сенімді өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Белградтағы әлем чемпионатында кезекті жарыс күні аяқталды. Қазақстандық Нұрбек Оралбай 1/8 айналымнан сәтті өтті деп хабарлады Olympic.kz.

Ширек финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте Нұрбек венгриялық Пал Ковачты айқын басымдықпен жеңді. Есеп - 5:0.

Осылайша, бүгін шаршы алаңға шыққан алты қазақстандық боксшының барлығы да ширек финалға сүрінбей өтті. 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...