Әнші әрі кәсіпқой боксшы африкандықты нокаутқа жіберді

15 Желтоқсан 2019, 10:15
10296
Бөлісу:
Әнші әрі кәсіпқой боксшы африкандықты нокаутқа жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барша жұртқа "Көк тудың желбірегіні" әнімен танымал әнші әрі қазақстандық кәсіпқой боксшы Ибрагим Ескендір (6-0, 6КО) Ресейдің Мәскеу қаласында өткен кеште жеңіске жетті. 

Бұл туралы әлеуметтік желідегі "Қазақстанның кәсіпқой боксы" парақшасында жарияланды. 

Бұған дейін жеңіліп көрмеген 33 жастағы боксшымыздың қарсыласы Малави елінің тәжірибелі спортшысы, яғни 47 айқастың 28-ін өз пайдасына аяқтаған Мусса Аджибу (28-14-5, 24КО) болды. 

Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептелді. Бірақ соңғы дистанциясына дейін өтпеді. Себебі Ибрагим Ескендір қарсыласын жетінші раундта нокаутқа жіберді, - делінген хабарламада.

Сонымен, қазақстандық боксшы профи-рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізіп, IBA Asia нұсқасы бойынша вакантты белдікке ие болды. 

Айта кетейік, бұған дейін ол өзінің Instagram-дағы парақшасында намысты қолдан бермейтінін жазған болатын.

Өзгелердің жаңалығы