Бокс сарапшысы: "Канело" Головкинді нокаутқа түсіре алмайды

19 Мамыр 2020, 20:47
1199
Бөлісу:
Бокс сарапшысы: "Канело" Головкинді нокаутқа түсіре алмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Boxingnews24 басылымының сарапшысы Шон Джонс мексикалық боксшы Сауль Альвареске қазақстандық Геннадий Головкинді нокаутқа түсіру қиын болатынын жазды.

Кейбір жанкүйерлер "Канело" Головкинді үшінші жекпе-жекте нокаутқа түсіреді деп ойлайды. Өйткені соңғы жекпе-жекте Сергей Деревянченко қазақстандық боксшыға үлкен қысым көрсете білді. Дегенмен Деревянченко «Канелоға» қарағанда мықты панчер. "Канелоның" GGG, Джейкобс және Ковалевқа қарсы жекпе-жектерін көріп, оның панчер емес екенін түсіндік. Альварес екі-үш мәрте жойқын соққы жасағанда тыныс алуын реттеу үшін демалуы қажет. Деревянченко Головкинді тек оның күш-қуатына төтеп бере алмағандықтан жеңе алмады, - деп жазды бокс сарапшысы
Өзгелердің жаңалығы