Бас жаңалықтар
Бокс сарапшылары Головкинге кеңес берді
19 Мамыр 2019, 13:12 489

Бокс сарапшылары Головкинге кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Boxingnews24.com порталы өзінің кезекті материалын Сауль Альварестың осал тұстарына арнады. Ол мақала GGG үшін де маңызды екені даусыз. Бұл туралы prosports.kz сайты хабарлайды.

«Қарсылас жылдам боксқа көшкенде Саульдің сасып қалатынын анда-санда көріп қаламыз. Головкин әйгілі Аарон Прайордың стилін өзіне серік етуі керек. Егер Геннадий американдық боксшы секілді үсті-үстіне соққы бағыттай берсе, «Канелоны» тығырыққа тірер еді. Себебі, мексикалық былғары қолғап шебері кездесу барысының бір жылдамдықта өткенін қалайды. Неге екені белгісіз, Альварестің қарсыластары тізгінді қолға алып, белсенді бокстасудан қорқады. Егер GGG осы айтқандарымызды ескерсе, жеңіске жетуге зор мүмкіндік туады», - деп жазды Boxingnews24.com порталы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...