Boeing алғаш рет 737 MAX моделінде ақау барын мойындады

19 Мамыр 2019, 15:13
1781
Бөлісу:
Boeing алғаш рет 737 MAX моделінде ақау барын мойындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Boeing алғаш рет 737 MAX моделінің құрылғысында ақау барын мойындады.

Ақау тренажерлердің ұшу симуляторларында болған. Сондықтан олар кейбір функцияларды атқара алмаған. Наурыз айындағы Эфиопиядағы қайғылы оқиға да осының салдарынан орын алған.

AFP мәліметінше, Boeing компаниясы осы ақауды анықтап, жойған. Осылайша, корпорация алғаш рет 737 MAX моделінің құрылғысында ақау барын алғаш рет мойындады.

«Boeing ұшу симуляторларының бағдарламасына түзетулер енгізді», - делінген компания мәлімдемесінде.

Еске салсақ, Boeing 737 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін алты минуттан соң Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында құлаған. Бортта болғандардың барлығы қаза тапқан. Осы төтенше жағдайдан кейін әлемнің 50 елі, оның ішінде Қазақстан Boeing-737 МАХ ұшақтарын пайдалануға тыйым салған еді.

Өзгелердің жаңалығы