BMW жүргізушісі елордада жаппай жол апатының болуына себепкер болды

22 Шілде 2021, 15:53
1823
Бөлісу:
BMW жүргізушісі елордада жаппай жол апатының болуына себепкер болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жол апаты салдарынан Toyota автокөлігі аударылып қалды.

Жол апаты 20 шілде күні Ұлы Дала даңғылында болған. 

Елорданың полиция департаментінде атап өткендей, BMW-дің 31 жастағы жүргізушісі Lexus-пен соқтығысқан. Инерция бойынша BMW маркалы автокөлік Toyota RAV 4-ті келіп соққан, ол көлік болса сол жағына қарай аударылып кеткен. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, - деп нақтылады ведомствода. 


Баспасөз қызметінің мәліметінше, BMW жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Өзгелердің жаңалығы