Бас жаңалықтар
Блок-бекеттерде тәртіп бұзған 128 адам жазаланды
07 Сәуiр 2020, 05:26 136

Блок-бекеттерде тәртіп бұзған 128 адам жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада карантин жарияланғаннан бері блок-бекеттерге кіру және шығу тәртібін бұзғаны үшін 128 адам жазаланды.

Оның 99-ы қамауға алынып, 19 азаматқа айыппұл салынды, тағы 10 іс сот қарауына жолданды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің реми сайты.
30 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі күшейтілді. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті инфекция таралуының алдын алу мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдауда. Патрульдік полиция жасақтары көбейтілді. Азаматтардың және автокөліктердiң қозғалысы қаланың барлық ауданында қатаң бақылауға алынды, – дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз өкілдері.
Сондай-ақ қалада тәулік бойы кезекшілік жұмыс істейді. Мобильді топтар жұмылдырылған. Блок-бекеттеріндегі жағдай дрондар арқылы бақыланады.

Қала аумағы көшелер бойынша бірнеше бөлікке бөлінген. Онда тәртіп сақшылары жағдайды қадағалап отырады. Қалада жалпы саны 26 бекет қойылған.

Айта кетсек, 28 наурыздан бастап елорда тұрғындарына азық-түлік алуға, медициналық қызметке жүгінуге немесе дәрі-дәрмек сатып алуға және арнайы рұқсат бойынша жұмысқа баруға рұқсат етіледі. Қалған азаматтардың үйден шығуына шектеу қойылды.

Кәмелет жасқа толмағандар ересектердің қарауынсыз қалада жүруге болмайды. Отбасы мүшелерін қоспағанда, көшеде 3 адамнан артық топталып жүруге тыйым салынған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...