Бас жаңалықтар
Блок-бекеттегі апат: Үшінші полиция қызметкері ауыр халде жатыр
25 Мамыр 2020, 15:20 216

Блок-бекеттегі апат: Үшінші полиция қызметкері ауыр халде жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда блок-бекетте болған апатты жағдайдан үшінші полиция қызметкері ауыр жараланып, жан сақтау бөліміне түсті. 


Алматы қаласы ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, апат болған жерде Ербұлан Сейдазым есімді полиция қызметкері болған. Ол қолына планшет алып, өткен автокөліктерді мәліметтер базасы бойынша тексеріп тұрған.
Алдын ала мәлімет бойынша мас жүргізуші алдымен бетон қоршауын соққан. Бетон қақ айырылып оның жартысы жол жиегінде тұрған Ербұлан Сейдазымға тиген. Қызметкер бас жарақатымен №7 қалалық ауруханаға ауыр халде жеткізілді,-дейді С. Әзірбек. 

Ербулан Сейдазым 1994 жылы туған, Есірткі саудасына қарсы басқарманың аға жедел уәкілі әрі полиция аға лейтенанты болып қызмет етеді. Ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері қызмет атқаруда. 

Сонымен қатар, ол BMW көлігінің мас жүргізушісі полицияда қамауға алынғанын айтты.
Адам өлтірген жүргізуші міндетті түрде қамалады. Қазір бастапқы тергеу амалдары жүргізілуде. Ол кісінің денсаулығына қатысты ешқандай шағым жоқ, дін аман,-деді ресми өкіл.

Айта кетсек, бүгін таңертең Көксай ықшамауданындағы №4 бақылау-өткізу бекетінде BMW маркалы көліктің мас жүргізушісі бетон қоршауды, кейін патрульдік көлікті соққан болатын. Апаттан Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқанов есімді полиция қызметкерлері мерт болды.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...