Бас жаңалықтар
Блок-бекеттегі апат: үшінші полиция қызметкері палатаға шығарылды
01 Маусым 2020, 18:42 201

Блок-бекеттегі апат: үшінші полиция қызметкері палатаға шығарылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі брифинг барысында блок-бекетте зардап шеккен полицейді денсаулығына тоқталды.

Оның айтуынша, зардап шеккен полиция қызметкерінің жағдайы ауыр, дегенмен оң динамика байқалады.

Қазіргі уақытта науқастың халі ауыр, дегенмен оң динамика байқалады. Өздігінен еркін демалуда. Нейрохирургия бөліміне ауыстырылды,-деді Бекшин.

Сонымен қатар, ол науқасты ҚР ДСМ-нің хаттамасына сай емдеп жатқандарын жеткізді.

Айта кетсек, 25 мамыр күні таңертең Көксай ықшамауданындағы №4 бақылау-өткізу бекетінде BMW маркалы көліктің мас жүргізушісі бетон қоршауды, кейін патрульдік көлікті соққан болатын. Апаттан Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқанов есімді полиция қызметкерлері мерт болды. Сондай-ақ, сол блок-бекетте болған апатты жағдайдан үшінші полиция қызметкері Ербұлан Сейдазым ауыр жараланып, жан сақтау бөліміне түскен еді. Ол қолына планшет алып, өткен автокөліктерді мәліметтер базасы бойынша тексеріп тұрған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...