Блогерлер «Өмірге үміт сыйла» акциясын бастады

11 Тамыз 2020, 20:39
1388
Бөлісу:
Блогерлер «Өмірге үміт сыйла» акциясын бастады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі танымал блогерлер және вайнерлермен бірге науқан бастады, олардың ішінде кәсіпкер Қайрат Құдайберген, вайнер, актер Мейіржан Төребаев, блогер Бейбіт Әлібеков, танымал kris_p_brothers_official парақшасының блогері Владимир Волков, ZTB.kz паблигінің авторы, блогер Марғұлан Тұрсынов, актер, вайнер Азим Саидбаев және тағы басқалар.

Жалпы, науқан, ең алдымен, COVID-19 вирусының ауыр түрімен ауыратын науқастарды емдеу үшін коронавирустық инфекциялардан плазманы тартуға бағытталады.
гш.jpg

Қазіргі уақытта Алматы қаласында коронавирустан емделіп, 8000-нан астам науқас шығарылды.
Әрбір аурудан айыққан жан антиденелердің бар-жоғына сынама бере алады. Бұл процедураны бұрын Республикалық қан орталығында өтуге болатын еді, енді 2020 жылдың 5 тамызынан бастап ауруды басынан өткерген әрбір адам Қалалық қан орталығында тест тапсыра алады. Аталмыш процедура ауыртпалықсыз және қауіпсіз.

Иммундық донорларды қабылдау коронавирус инфекцияның антиденелер титрінің болуына байланысты сауыққаннан кейін 2 айға дейін жүргізіледі, яғни сауыққан кезден бастап көп уақыт өтсе, донор қанында антиденелер аз болады.

Өздеріңіз білетіндей, мен бұл инфекциядан ауырып жазылдым және бүгін плазма тапсырдым, ол коронавируспен ауырып жатқан ауыр науқастарды емдеуге көмектеседі деп ойлаймын, – дейді Қайрат Құдайберген.

Танымал блогер Владимир Волковтың айтуынша, қала әкімдігімен бірлескен бұл акция қоғам мен халықтың назарын ауыр науқастарға қан тапсыруға аудару үшін өткізіліп жатыр.

«Достар, біз бүгін осында «Өмірге үміт сыйла» акциясы бойынша жиналдық. Біз бұл мәселеге бей-жай қарамайтындардың барлығын көмек қолын созып, плазманы тапсыруға шақырамыз, өйткені бұл біреудің өмірін құтқара алады», - деді ол.

гш2.jpg

Алматы қалалық қан орталығының директоры Жандос Надировтың айтуынша, иммундық донорларды қабылдау кезінде аурудың анамнезі қосымша жиналады, жалпы терапевт дәрігеріне қаралу кезінде және АИТВ 1,2 гемотрансфузиялық инфекциясына, В гепатитіне, С гепатитіне, мерезге, сондай-ақ антиденелер титрін анықтай отырып, коронавирус инфекциясына алдын ала тексеруден өтеді. Иммундық донорлардың тест нәтижелерін күту уақыты 1 сағатты құрайды. Кез келген жұмыс күнінде әр адам таңғы сағат 9:00-ден түскі сағат 12:00-ге дейін қан тапсыра алады.

Бір донордан 600 миллилитр плазма алынады, ал жұқтырған адам үшін 200 мл жеткілікті. Осыған байланысты бір донордың арқасында коронавируспен ауыратын үш науқасты емдеуге болады. Плазманың мұндай көлемін алу ғылыми негізделген және донордың денсаулығына зиян келтірмейді.

2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қан орталығына 20 адам жүгінді, оның ішінде 12 донор жіберілді.

Айта кету керек, бұл плазмалық банк қала әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша пандемия жағдайында Алматы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша жасалған қалалық іс-шаралар жоспарының аясында құрылды.


Өзгелердің жаңалығы